Ертең Ақтөбеде мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 26 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысындағы барлық білім беру ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары үшін оқу процесі қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.