Қаңтар айында «Астана Балет» театры көрермендерді бірден бірнеше спектакльді тамашалауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10-13 қаңтар аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары «Қар ханшайымы» спектаклін тамашалай алады. Айта кету керек, қойылым «Үздік балалар қойылымы» аталымы бойынша «Ұмай» сыйлығымен марапатталды.
20-қаңтарда маэстро Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрдің «Романтизм кемеңгері» атты концерті өтеді. Солист – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев.
26-27 қаңтарда театр Н.Калининаның хореографиясымен қойылған «Күлше қыз» балетін ұсынады. Сергей Прокофьевтің ғажайып музыкасын қоюшы-дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі театрдың симфониялық оркестрі орындайды.
Іс-шаралар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.