Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтеді. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
Өткен аптада аталмыш акцияға қатысқан премьер-министр Асқар Мамин «Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – деген болатын.
Акция Өскеменде ертең (27 шілде) сағат 10:00-де болады. Қалалық әкімдік оған қатысамын деушілерге келуге болатынын айтты.
Тазалық төмендегі мекенжайларда жүргізіледі:
Шәкәрім даңғылы, 4;
Протозанов көшесі, 1;
Протозанов көшесі, 69;
Астана көшесі, 4;
Астана көшесі, 28;
Амфитеатр;
Комсомол аралы;
«Альшемали» сауда үйі;
Астафьева, 161;
Интернациональной көшесінің бас жағы;
Аврора көшесі, 181а;
"Алтай" технопаркі;
"Светоч" бағбандық серіктестігі;
Гастелло көшесі.
Толық ақпаратты мына байланыс нөмірі арқылы білуге болады: 26-89-86, 26-67-07, 8-776-457-47-77.