Ерте қамданып, сайлауды өткізуміз керек – сарапшы

21 Қыркүйек 2022, 18:55
1999
Бөлісу:
Ерте қамданып, сайлауды өткізуміз керек – сарапшы

Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ  сарапшысы Әсел Назарбетова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кезектен тыс Президенттік сайлауды Мемлекет басшысы Жолдауында ашық жариялаған еді. Менің ойымша, бұл аралық сайлауға түсушілердің ойларын жинақтап, шешімдерін қабылдауға жеткілікті мерзім. Жыл басынан бері реформалар мен саяси өзгерістер болды. Сол кездің өзінде-ақ сайлаудың болатыны белгілі болды. Ол Президенттік немесе Парламенттік сайлау болуы мүмкін еді. Жылдың аяғына дейін мұндай науқанның өтетінін сарапшылар пайымдады. Саяси күштеріміз де  сол уақыттан бастап дайындыққа кірісіп кетті, – деді Назарбетова.

Ол саяси реформалардың жалғасы ретінде Президенттік сайлау өтпек екенін айтты.

Қазіргі таңда жаңа партиялар өздерін ұсынып, тіркеліп жатыр. Бұл процестер науқанға дайындықты көрсетеді, – деді сарапшы.

Айтуынша, мемлекеттің дамуы барысында әртүрлі өзгерістің болуы қалыпты жағдай.

Әлемдік геосаяси жағдайда байланысты, көршілес мемлекеттердегі орын алып отырған келеңсіздікке қарай біз ерте қамданып, сайлауды өткізуміз керек. Кейін сайлау алды бағдарламасында қойылған міндеттерді қазіргі таңдағы ахуалдарға сәйкестендіріп әрі қарай іске асыруға кірісуміз қажет, – дейді Президент жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы