Ермұрат Бәпи заңның атауын сынға алды

24 Мамыр 2023, 11:33
1602
Бөлісу:
Ермұрат Бәпи заңның атауын сынға алды
Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Депутат Ермұрат Бәпи «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасының атауын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын талқылау кезінде мәжілісмен «сатып алынған» деген сөзді дұрыс емес деп сынады.

Талқылауға ұсылынып отырған заң жобасының әу баста қойылып отырған тақырыбы ауқымды емес. Елдің, мемлекеттің халықтың алдында тұрған активтерді қайтару жөніндегі проблеманы толықтай қамтитын көлемде емес деп ойлаймын. Біз бұл заңның көмегімен қазір тиісті тергеу, заң органдары шетелге, Еуропаға, батыс елдеріне оффшорлық, халықаралық ұлттық транскомпанияларға, шетелдік банктерге шығу керек. Ал заңның тақырыбы - «Заңсыз шығарылған активтер». Ал Президенттің Үкіметке берген тапсырмасында «заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы». Ал мына жерде «заңсыз сатып алынған активтерді» дейді. Олар оның бәрін заңдастырып сатып алды. Сондықтан алдағы талқылауларда заңның аталу тақырыбын ауқымды қылу керек, - деді Ермұрат Бәпи.

Мәжілісмен заңға қатысты жұмыс істеген кезде мүдделі саботаж топтардың ықпалы болды деп есептейтінін жасырмады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, депутат Ерлан Саиров еліміздің аграрлық секторы өте күрделі жағдайға тап болғанын айтты. Сөзінше, ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған, инвестициялық субсидиялар және екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған жаңа gosagro.kz платформасы толық жұмыс істемейді, мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланбаған, субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдауға қабілетсіз.

Өзгелердің жаңалығы