Ермек Маржықпаев "Динамо" спортшыларын марапаттады

22 Маусым 2024, 20:06
443
Бөлісу:
Ермек Маржықпаев "Динамо" спортшыларын марапаттады
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев «Динамо» ДШСҚ спортшыларын марапаттап, құқық қорғау органдарында спорттың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Туризм және спорт министрі Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, полиция қызметі мен спорт саласы бір-бірімен өзара тығыз байланыста екенін жеткізді.
Салтанатты іс-шараға Ішкі істер министрі, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының төрағасы Ержан Саденов, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының басшылығы, джиу-джитсудан әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Аян Әмзе, самбодан Азия чемпионы Ғазиза Нұрмұхамедқызы, қазақ күресінен Азия чемпионы, дзюдодан Еуропа және Азия кубогінің жүлдегері Мәди Амангелді және қазақ күресінен Әлем Кубогінің жеңімпазы, Азия Кубогінің жүлдегері Ержан Еренғайыпов қатысты.

Министр «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы әскери қызмет пен халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауды қатар жолға қойғанын атап өтті. Бұған полиция қызметкерлері арасынан бірнеше спортшы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алғаны дәлел. Атап айтқанда, балуандар – Азамат Дәулетбеков, Әлішер Ерғали және Юсуп Батырмурзаев, дзюдошылар – Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова, боксшылар – Қамшыбек Қоңқабаев пен Назым Қызайбай, гимнаст Милад Карими, велоспортшылар – Алексей Луценко мен Евгений Федоров, мергендер – Арина Алтухова мен Константин Малиновский және тағы басқа спортшылар Парижде ел намысын қорғайды.

Ішкі істер министрлігі «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірге елдегі спортты дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. Қазіргі таңда дене шынықтыру ұжымдарында 90 мыңнан аса қызметкер спортпен шұғылданады. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары Олимпия ойындарында жеңіп алған 71 медальдің 63-і «Динамо» өкілдеріне тиесілі, - деді Ермек Маржықпаев.

Салтанатты рәсімде бүгінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқаны айтылды. Мәселен, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамында әртүрлі спорт түрінен 120 балалар мен жасөспірімдер секциясы жұмыс істейді, онда 3500-ге жуық бала спортпен шұғылданады.

"Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы республикалық және өңірлік деңгейлерде белсенді дамып келе жатқаны қуантады. Ержан Сапарбекұлы екеуміз (ҚР Ішкі істер министрі) бір өңірде еңбек еттік. Кезінде өзі де спортшы болған және осы бірлестіктің дамуына белсенді араласып келеді, - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Іс-шара соңында министр мемлекет елімізде спортты дамыту бойынша елеулі жұмыс жүргізіп жатқанын, спорт нысандарының қолжетімділігі артып келе жатқанын, респу

Өзгелердің жаңалығы