Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биылғы жылдың ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. 5 жылдан астам уақыт елорда әкімінің орынбасары болып қызмет етті.
Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Ермек Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.