Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ерлан Қарин қолданыстағы Ата заңның 1995 жылы қалай жазылғанын айтты

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 17:55
127
Бөлісу:
 Конституциялық Сот
Фото: Конституциялық Сот

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Конституцияны 12 адам жазғанын, оның үшеуі сырттан шақырылған сарапшылар болғанын айтты. Ал осы жолғы Конституциялық комиссияның құрамына 130 адам кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1995 жылы қабылданған Ата заңды дайындау үшін кезінде арнайы сарапшылар кеңесі құрылған болатын. Оның құрамында бар болғаны 12 адам болды. Оның тоғызы – Қазақстан азаматы, қалған үшеуі – сырттан шақырылған мамандар. Ал біздің Конституциялық комиссияның құрамында – 130 адам. Біз қоғам назарына ұсынып отырған Ата заңды елдің азаматтары дайындап отыр. Сырттан ешқандай маман шақырылған жоқ. Сондықтан да біз дайындап, қоғам назарына ұсынып отырған Конституция жобасы шын мәнінде нағыз халықтық Конституция деп айтуға болады. Себебі барлық өңірдің, барлық саланың өңілдері қатысып отыр, барлық отырыс тікелей эфирде халық назарына ұсынылған, – деді ол Конституциялық комиссия отырысында.

Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында қазан айынан бері түскен барлық ұсыныстар ескерілгенін атады.

Қолданыстағы Ата заңның еліміздің дамуына, мемлекетіміздің нығаюына қосқан үлесін ешкім де жоққа шығармайды. Бірақ бұл құжат қай кездерде қабылданды? Еліміз енді ғана тәуелсіздік алып жатқан кезде, елең-алаң шақта қабылданды. Ал қазір біз мемлекеттілігі орныққан, тәуелсіздігі бекіген мемлекетпіз, әлемдік қауымдастықта өз орнымыз бар. Қолданыстағы Ата заң посткеңестік транзиттік стиль мен рухта жазылса, жаңа Конституция заманауи әрі ұлттық мүддені көздейді. Қазіргі Конституцияда мемлекеттің мүддесіне басымдық берілсе, жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары бірінші орынға шығып отыр, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Өзгелердің жаңалығы