Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиында азаматтық туралы бірқатар мәселе қарастырылды. Сондай-ақ Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің ақпараттары тыңдалды.
Отырыс барысында Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары еліміздің азаматтығын алғандар саны өсіп, одан бас тартқысы келетіндердің қатары азайып келе жатқанын атап көрсетті. Бұл Қазақстан азаматтығы институтының беделі артқанын білдіреді.
Басқосу соңында Комиссия тиісті шешімдер қабылдап, нақты ұсынымдар берді.