Президент көмекшісі YouTube каналында қазақ тілінде Жолдауға талдау шығарды

8 Қыркүйек 2020, 21:20
1555
Бөлісу:
Президент көмекшісі YouTube каналында қазақ тілінде Жолдауға талдау шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауына байланысты саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өз пікірін білдірді.

1 қыркүйектегі Парламенттің жаңа сессиясының ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. Жолдаудың көлемді де, мазмұнды болғаны соншалық, кейбір бақылаушылар «Президент парламент мінберінен 88 минут бойы үздіксіз сөз сөйледі» деп есептепті. Шынында да Президент Жолдауы өте көлемді құжат болып шықты. Биылғы Жолдау 11 ірі тараудан тұрады. Экономика, мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат, аймақтардың дамуы, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, экология, құқық қорғау саласы, саяси реформа және жаңа құндылықтар – дейді Ерлан Қарин Жолдауға шолу жасай отырып.

Ол қазіргі уақытта кейбір сарапшылардың Жолдауда саяси тақырыптар аз қамтылды деген пікір екенін атап өтті.

Өкінішке қарай, бұл сарапшылар аталған құжатты (Жолдауды – ред.) мұқият қарап, терең талдамағаны көрініп тұр. Шын мәнісінде Президент биылғы Жолдауында бір емес, бірнеше тарауда өзекті түрде саяси қоғамдық мәселелерге арнап, көптеген жаңа, саяси бастамаларды жариялады. Мысалы, азаматтарға реформаларға саяси бастамашы болып, онлайн петициялардың бірінғай институтын құру; жергілікті өзін-өзі басқарудың тұжырымдамасын әзірлеу мен қабылдау; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін көтеру; жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін нығайту; мәслихаттардың ревизиялық комиссиясын күшейту; мәслихаттарға өңірді дамыту бойынша петицияға қол жинауға, әзірлеуге құзірет беру; мәслихат отырыстарының онлайн көрсетілімін енгізу; қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеу және қабылдау; квазимемлекеттік секторларда қоғамдық кеңес құру; мүліктік меншік иелерінің бірлестігі институтын енгізу бойынша реформа жасау – дейді Президент көмекшісі.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин биылғы Жолдауда құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша да тың бастамалар ұсынылғанын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы