Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.