Еркін күрестен Қазақстан командасы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

9 Шілде 2024, 19:15
267
Бөлісу:
Еркін күрестен Қазақстан командасы соңғы жаттығу жиынын өткізеді
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынына кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

21 шілде күні Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында құрама команда Олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізеді.

Содан соң, балуандар Парижге жол тартады.

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан еншісінде 4 жолдама бар. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) квота иеленген.

Кеше 57 келідегі Мейрамбек Қартбайдың да Олимпиадаға баратыны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы