Еркін күрес шебері Мықтыбек Үкіметұлы әлем чемпионатында бестікке енді

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мықтыбек Үкіметұлы Понтеведра (Испания) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бесінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 8 Қыркүйек 2024 2024, 04:08
8 Қыркүйек 2024 2024, 04:08
932
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мықтыбек Үкіметұлы Понтеведра (Испания) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бесінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, 57 келі салмақтағы балуан қола медаль үшін күресте грузиялық Лука Гвинджилиямен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, бұл бәсекеде қазақстандық балуан жеңіліс тапты. Мықтыбек қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Наверх