Өскеменде еріктілердің фронт-офисі ашылды

6 Наурыз 2020, 16:49
2120
Бөлісу:
Өскеменде еріктілердің фронт-офисі ашылды
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскеменде Шығыстың волонтерлік ұйымдарының жұмысын үйлестіріп, осы салада оңтайлы механизімдерді ойлап табатын форнт-офистің лентасы ресми түрде қиылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірлік фронт-офис еріктілер мен волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру бойынша тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналмақ.

Бұл фронт-офисті ашудағы басты міндетіміз волонтерлер жылы аясында еріктілердің жұмысын үйлестіріп, жүйелеу, еріктілер мен тапсырыс берушілер арасындағы байланысты нығайту болып табылады. Аталмыш офис тек қана волонтерлік кейстерді таратымен ғана айналыспайды, сондай-ақ бұл жерде еріктілерді оқыту бойынша да жұмыстар жүргізіледі. Волонтерлік қозғалыс еліміздегі азаматтық қоғамды дамытатын негізгі сала. Мұндай қозғалыс қоғамның қаншалықты демократияланғанын, дамығанын білдіреді. Сол себепті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды волонтерлер жылы деп белгіледі, - деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ришат Рамазанов.

Арайлым Есимбекова.jpg

Фронт-офис қызметінің негізгі міндеттері - еріктілерді волонтерлік қызметке тарту, аймақтағы волонтерлік институтты дамыту, облыстағы волонтерлерді оқыту болып табылады.

Басты мақсат еріктілер жұмысын жүйелеп, үйлесімді механизімін ойлап табу. Сонымен қатар жұмысымызға бір адамдай атсалысатын білім, әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау басқармалары, "Нұр Отан" партиясы, балалар үйлері сияқты әлеуметтік әріптестеріміз бар. Оларды біздің жұмыс берушілеріміз деп те атауға болады. Яғни келіп түскен тапсырыстар бойынша арнайы кейстер жасақтаймыз. Мысалы, бізге бір ардагер ата көмек сұрап келді делік. Біз ол кісіге қажетті көмектер тізімін жасап, жұмыстың көлемін анықтап, қанша адамды қай уақытта жіберу қажеттігін анықтаймыз. Сонан соң дайын кейстерді волонтерлерге ұсынамыз, - деді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова,

Бұдан бөлек, облыс орталығында ашылған фронт-офис волонтерлердің "Bilim", "Sabaqtastyq", "Saýlyq", "Taza Álem", "Asyl mura", "Qamqor", "Úmit" сияқты волонтерлік бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады

Естеріңізде болса, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлердің республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы