Еріктілер Қарқаралыдағы жартастарды вандализмнен тазартты

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарқаралы жастары жартастарды жазулардан тазартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 gov.kz 25 Тамыз 2025 2025, 11:09
25 Тамыз 2025 2025, 11:09
561
Фото: gov.kz

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарқаралы жастары жартастарды жазулардан тазартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері еріктілермен бірлесіп, Жастар шыңының басында экологиялық акция өткізді. Шара аясында олар жартастарды жазулардан, граффитиден және өзге де вандализм іздерінен тазартты.

Қарқаралы – Қазақстанның көркем табиғаты ғана емес, тарих пен мәдениетке бай, қасиетті өңір.

Алайда бүгінде жартастарда түрлі жазулар мен суреттердің пайда болуы әлі де жиі кездеседі.

Бұл табиғи келбетті бүлдіріп қана қоймай, қайталанбас мәдени және табиғи мұраға зиян келтіреді.

Акцияға қатысушылардың айтуынша, вандализммен жалғыз күресу мүмкін емес.

Ең бастысы – адамдардың табиғатқа және тарихи мұраға деген көзқарасын өзгертіп, құрмет мәдениетін қалыптастыру.

Наверх