Еріктілер Ақмола облысындағы су қоймаларын тазалады

20 Мамыр 2021, 06:06
2524
Бөлісу:
Еріктілер Ақмола облысындағы су қоймаларын тазалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Таза су айдындары» атты экологиялық шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Еріктілер, белсенділер мен балықшылар Қопа өзенін, Шағлын және Сілеті су қоймаларын балықшылардан қалған тордан тазартты. Жағалаудағы қоқысты да жинап шықты. Шараға қатысқан адамдардың ұзын-саны 60-тан асады.

Балық аулаушыларға, жай демалушыларға осы қоқыстарды демалған кезде уақытымен жинап, өз орындарын таза ұстаса, сонда дұрыс болады деп ойлаймыз. Өйткені осы қоқыстар қайдан келеді? Біздің азаматтардан келеді ғой. Сырттан келіп жатқан жоқ, – деді облыстық балық инспекциясы бөлімінің басшысы Мұрат Шалабай.


Өзгелердің жаңалығы