Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" басшысы қызметінен босатылды

18 Маусым 2024, 14:41
459
Бөлісу:
Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" басшысы қызметінен босатылды

Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметінен мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растады. 

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ол 18 маусымнан бастап қызметінен босатылды, – деді ведомстводан.

Ерхат Есқалиев ЖШС-ні 2020 жылдың шілде айынан бері басқарды. Компания республикалық бюджет қаражаты есебінен дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады. Қатысу үлесінің 100%-ы Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы