Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республика соңғы айларда сыртқы сауда тауар айналымы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізген.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өз мәлімдемесінде айтты.
Осы жылдың қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда тауар айналымы 14,1%-ға өсіп, 82,2 млрд долларға жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 23,5%-ға өсіп, 49,1 млрд долларды құрады, -деді министр.
Сондай-ақ Ерғалиевтің мәлімдеуінше, өңделген тауарлар экспорты 24,4%-ға артып, осы кезге дейін 15,5 млрд долларды құрап отыр.
Тауарлар импорты - 33,1 млрд доллар. Жалпы, оң сауда балансы өткен аймен салыстырғанда 2,2 млрд долларға өсіп, 16 млрд долларға жетті, -деп атап өтті Ұлттық Экономика министрі.