Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.
Ол атағандай, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға дейін өсті.Биылғы қаңтар-тамыз айларында экономика өсу көрсеткіші 3,0%-ды құрады. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты және қызмет көрсету секторларындағы өсудің оң динамикасы, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсуі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалуда. Осы жылдың қаңтар-тамызында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады, - деді Ерғалиев.
Ерғалиев салалар бойынша өсімдерді жіктеп берді.Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалып отыр. Экономикалық өсудің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде өндіруші емес салаларда инвестиция тарту белсенділігі байқалуда. Осыған байланысты есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 18,0%-ды құрады, - деді министр.
Инвестиция құрылыс саласында – 2,5 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 81,7%-ға, ауыл шаруашылығында – 43,2%-ға, саудада – 39,9%-ға, ақпарат және байланыста – 37%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –16,2%-ға және көлік саласында – 9%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында байқалып отыр, - деді ол.