Ерейментау ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

23 Шілде 2024, 11:13
744
Бөлісу:
Ерейментау ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Фото: gov.kz

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудан орталығының көшелерінде егеуқұйрықтар мен антисанитарияның орын алуымен жағдай ушығып кетті. Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың ауданды абаттандыру жөніндегі тікелей тапсырмасына да, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі бірқатар жарияланымдардан кейін де аудан әкімдігі тарапынан тиісті назар аударылмады.

Облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Мұқатовқа тәртіптік жаза қолданылды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы