Ереванға тағы да бітімгерлер келді

15 Қараша 2020, 11:08
2004
Бөлісу:
Ереванға тағы да бітімгерлер келді

Алматы, BAQ.KZ.  Ресей әскери әуе күштерінің екі АН-124 ұшағы Ереванға бронды машиналар мен 15-ші бітімгер топтың жеке құрамын жеткізді.  Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, Ан-124 ұшағы мен 30-ға жуық әскери,  он БТР-82А брондалған техника және материалды-техникалық құралдар жеткізілген.

Бұған дейін Ресей Қарулы күштер министрлігінің өкілі Игорь Конашенков Қарабақта оқ атпау режимі сақталып отырғанын айтқан. Онда ресейлік әскери полиция жауапты аймақты бақылауға кіріскен.

Өзгелердің жаңалығы