Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ердоғанның басты қарсыласына сот шешімі шықты

17 Шілде 2025, 08:10
696
Бөлісу:
 turkeytribune
Фото: turkeytribune

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы, Ыстамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглу шенеунікті ел алдында балағаттап, қорқытқаны үшін бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот Имамоглының Ыстамбұл бас прокуроры Акин Гүрлекке қатысты дөрекі мәлімдемелер жасап, оның адалдығына күмән келтіргенін анықтады. Саясаткер екінші айып бойынша – терроризмге қарсы күреске кедергі келтірді деп ақталды.

Имамоглу оқиғаларды саяси астарлы деп атады. Оның айтуынша, бұл іс ішкі партиялық сайлау қарсаңында ойдан шығарылған, онда ол оппозициялық Республикалық халық партиясынан президенттікке ықтимал кандидат болып саналған.

Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу сыбайлас жемқорлық және лаңкестермен байланысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Түркиядағы президенттік сайлауда оппозицияның негізгі кандидаты саналған. Ол қамауға алынғаннан кейін Ыстамбұлда наразылық шерулері басталды. 22 наурызда 300-ден астам, ал 23 наурызға қараған түні тағы 323 адам ұсталғаны белгілі болды.

Содан кейін Экрем Имамоглу куәлік бере бастады. Бұдан кейін сот әкімді қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұдан кейін Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қазақстандықтарға сөз сөйлеп, митингілерге қатысудан аулақ болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы