Ердоған Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде айтты.
Қазіргі кезде Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс та әлемге өзінің теріс ықпалын тигізіп жатыр. Түркия әділет пен бейбітшілікті қолдайды. Сонымен қатар орнықты бейбітшілікті орнату Ауғанстанда, жалпы өңірдегі қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Ауғанстанның басшылығына айтатын мәлімдемеміз өте маңызды, - деді ол.
Ердоған бірлікті ұмыту мүмкін емес екенін айтып, Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісін еске салды.
Сіздер бірлесе отырып көмек көрсеттіңіздер. 16 наурызда Анкарада саммит болды. Анкарада қабылданған шешім бойынша біз өте маңызды қадам жасадық. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының аясында азаматтық қорғаныс механизмін құрдық. Бұл механизм аясында процестерді бастауымыз керек. Түркия өзінің ұйымның сәтті жұмысын жалғастырады деп үміттенеміз. Нахчеван келісіміне өзгерістер енгізу бойынша протокол 3 қазанда Парламентте қабылданды, - деп айтты Режеп Тайып Ердоған.
Ол 3 қазан – Түркі мемлекеттерінің бірлестік күні екенін атап өтті. Сөзінше, ішкі мақұлдау процестері аяқталды.