Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ердоған: Түркияның Газаға қатысты ұстанымы өзгермейді

Бүгiн, 00:30
185
Бөлісу:
 Pilar Olivares / Reuters
Фото: Pilar Olivares / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Газа секторындағы дағдарысты реттеу мәселесіне қатысты ұстанымы өзгеріссіз қалатынын айтты. Бұл туралы ол Стамбулда жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Біз қажетті қадамдардың барлығын жасап жатырмыз және осы жолмен батыл түрде алға жылжимыз. Газадағы реттеу мәселесінде біздің ұстанымымыздан ешқандай ауытқу болмайды. Егер біз шегінетін болсақ, онда Алланың алдында да, Газаның алдында да жауап бере алмаймыз, – деді Түркия басшысы.

Түркия билігі бұған дейін де Палестина мәселесін екі мемлекет қағидатына негізделген саяси шешім арқылы реттеу қажеттігін бірнеше рет атап өткен. Өткен жұма күні Ашхабадта өткен Халықаралық бейбітшілік және сенім форумында сөйлеген сөзінде Ердоған Газада атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету мен гуманитарлық көмекті аймаққа жеткізу Түркияның басты басымдықтарының бірі екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар, ол Палестина анклавындағы қазіргі бітімгершілік үдерісін «өте нәзік» деп бағалап, халықаралық қауымдастықтың жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы