Ербол Тілешев: Мемлекет басшысы партия жұмысын халық игілігіне құруға айрықша мән берген

1 Наурыз 2022, 18:50
1391
Бөлісу:
Ербол Тілешев: Мемлекет басшысы партия жұмысын халық игілігіне құруға айрықша мән берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының  бас директоры Ербол Тілешов айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде партияның қазіргі кезеңдегі жаңаша саясаты мен бағыттарын атады.  Партияның халықтың мүддесіне орай қызмет атқаруы  Президент сөзінің негізгі өзегін құрап, осы идеяны мейлінше тарқатып жеткізіп, оның негізгі стратегиялық мазмұнын баяндады. Мысалы, ең алдымен партияны «Аманат» деп атауды ұсынды. Бұл қазақ ұғымындағы үлкен сөз. Яғни, партия халықтың аманатын орындаушы саяси құрылым ретінде осы ұғымның үдесінен шығуы тиіс, - деді Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына»  ұлттық ғылыми практикалық орталығының  бас директоры.

Сонымен қатар Е.Тілешовтің атап өтуінша, фракция жұмысын белсенді ету, міндеттерді шынайы орындау және азаматтардың мүддесі мен елдің өркендетудегі рөлі мен маңызын арттыру да Президент баяндамасының негізгі арқауы болды.

Мемлекет басшысы партия жұмысын халық игілігіне құруға айрықша мән берді. Ендігі уақытта партия мүшелері осы міндетті орындауға белсене кіріседі деп ойлаймыз, - деді Ербол Тілешов.

Өзгелердің жаңалығы