Ербол Қарашөкеев : Агроөнеркәсіптік кешеніне құйылған инвестиция көлемі артты

14 Желтоқсан 2021, 10:04
1579
Бөлісу:
Ербол  Қарашөкеев : Агроөнеркәсіптік кешеніне құйылған инвестиция көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл агроөнеркәсіптік кешені саласына құйылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40,5 пайызға ұлғайды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол  Қарашөкеев мәлімдеді.

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 659,7 млрд теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,5 пайызға ұлғайды. Тамақ өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 91,2 млрд теңге болды. Ол өткен жылдың көрсеткішінен 2,6 пайызға жоғары, - деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша министрлік аймақтардағы әкімдіктермен бірлесе агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Министр өз сөзінде қай бағыт бойынша қанша жоба іске асырылатынын баяндады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге агроөнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол карталарын әзірлеп бекітті. Жол карталарына сәйкес жалпы соммасы 4,4 трлн теңге болатын 934 инвестициялық жобадан пул жасалды. Жобалар пулының негізгі бағыттары айқындалды. Соның ішінде ет бағытында шамамен 1 трлн теңгеге жуық соммасына 301 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Жылыжай кешендерінде 1 трлн теңге соммасына 67 жобаны іске асыру жоспарланған. Сүтті мал шаруашылығы бағытында 452 млрд теңге соммасына 186 жоба жүзеге асыру көзделген. Құс шаруашылығы бойынша 373 млрд теңгені құрайтын 47 құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында 300 млрд теңге соммасына 73 жобаны іске асыру жоспарлануда. 5 жыл ішінде қантпен қамтамасыз ету 80 пайызға дейін жеткізіледі. Жалпы соммасы 228 млрд теңгені құрайтын 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қарқынды бағыттар салу бойынша 100 млрд теңге соммасына 32 жобаны іске асыру көзделді. Өзге де бағыттар бойынша жалпы соммасы 834 млрд теңгеге 225 жоба жоспарланды. Олар – сау, тұқым шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру жіне басқа да бағыттағ,ы жобаларды қамтиды, - деп атап өтті Ербол  Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы