Ербол Хамитов Паралимпиада-2026-дағы соңғы жарыста жетінші орын алды

Спортшы үздік нәтиже көрсетті.

 ҰОК Кеше 2026, 17:15
Кеше 2026, 17:15
263
Фото: ҰОК

Жарыстың қорытынды күні 28 жастағы спортшы 20 шақырымдық шаңғы жарысында (отырып сырғанау, аралық старт) өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл дисциплинада Қазақстан атынан жалғыз өзі қатысқан Хамитов жетінші нәтижеге қол жеткізді.

Ол Паралимпиада-2026-ның екі дүркін чемпионы атанған ресейлік Иван Голубковқа 1 минут 59,2 секунд ұтылды.

Күміс жүлдені қытайлық Мао Чжунъу (+54,6) жеңіп алса, үздік үштікті италиялық Джузеппе Ромеле (+1:22,1) түйіндеді.

Осылайша, Ербол Хамитов Паралимпиада-2026-дағы жарыстарын бір алтын және бір қола медальмен аяқтады. Ол қысқы Паралимпиада ойындарының тарихында Қазақстан атынан бірден екі жүлде иеленген алғашқы спортшы атанды.

Наверх