Ералы Тоғжанов «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Алматы филиалында болды

18 Наурыз 2022, 03:23
1289
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Алматы филиалында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

Тоғжанов №7 емхананың жұмыс барысын көрді. Аталмыш емдеу орталығында барлығы 9 жоғары оқу орны мен 10 кәсіптік білім ордасы медициналық көмекке алынған. Қала бойынша студенттерге, ересектер мен балаларға қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов мегаполистегі Sadu орталығын аралады. Спорт кешенінде жаттығып қана қоймай, күрес және басқа да спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізуге болады.

Нысанның негізгі қызметі – жекпе-жек өнерінің түрлері бойынша оқу-жаттығулар өткізу. Ал кешендегі заманауи қонақ үй спортшылардың барлық қажеттілігін ескере отырып жасалған. Ералы Тоғжанов сапары барысында «қаңтар оқиғасы» кезінде тоналып, өртелген «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Алматы филиалында болды. Вице-премьер ғимараттың ішін аралап, қалпына келтіру бойынша жұмыс барысын сұрады. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасарына жаңа ғимараттың сызбалары таныстырылды.

Мемлекеттің де басына осындай жағдайлар кеп жатады. Бірақ оның нақты шешу жолдары аз емес. Келген әрбір мәселенің артында, мүмкін, дағдарыстың өзі дамуына серпін беретін де ойлар келетін шығар. Арнайы бағдарлама жасалынды. Жолдауы бар Президенттің. Халықтың беріп жатқан ұсыныстары бар. Эксперттердің ұсыныстары бар. Бірге отырып, қарастыратын боламыз, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы