Ералы Тоғжанов: Әр қазақ баласына білім алуға жағдай жасалмаса, ауылда тұрмайды

17 Ақпан 2023, 12:02
1006
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов: Әр қазақ баласына білім алуға жағдай жасалмаса, ауылда тұрмайды
Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Айтуынша, өңір басшысы тұрғылықты жеріне қарамастан балалардың қаламен тең білім алуына жағдай жасауды назарға алған. 

Әрбір қазақ баласына білім беруге жағдай жасалмаса, олар ауылда тұрмайды. Осы орайда, өңірлер арасында алғашқы болып ауылдардағы шағын жинақты мектептерді қолдауға арналған «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасын іске қостық. Жобаның басты мақсаты – ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтап кеткен 15 пайыздық білім деңгейінің айырмашылығын теңестіру. Жалпы Ақтөбе облысында шағын жинақты мектептерде 14 575 бала оқиды, - деп атап өтті облыс әкімі. 

Сонымен қатар ол бүгінгі күні жоба аясында 10 жетекші мектептің 35 үздік ұстазы ауылдардағы 10 мыңнан астам оқушыларға білім беріп жатқанын айтты. 

Ал қалған 4 мың баланы интернетпен қамту мәселесін шешкеннен кейін «БІЛІМ ALL» жобасымен толықтай қамтитын боламыз. Өңір мұғалімдерінің 2 ай ішіндегі қарқынды жұмысы нәтижесінде 15%-дық алшақтық 3,5%-ға азайып, 11,5%-ды құрап отыр. Жалпы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, 5-6 пәннен 1 мұғалімнің сабақ беруі және балаларды тасымалдау мәселесі шешіледі, - деді Ералы Тоғжанов. 

Өзгелердің жаңалығы