Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды ТЖМ әскери қызметшілері құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының әскери қызметшілері Ералы Климов және Айсұлтан Насыров, Орал қаласының шетінде Жайық өзенінде парульдеу кезінде батып бара жатқан адамды байқады.
Олар жедел әрекет етіп, 1989 ж.т. ер адамды құтқарып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетті. Құтқарылған адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.