Ер адам тергеу изоляторындағы ағасына есірткі өткізбек болған

3 Қазан 2024, 12:31
467
Бөлісу:
Ер адам тергеу изоляторындағы ағасына есірткі өткізбек болған
Фото: Қылмыстық атқару жүйесі комитеті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде қызметкерлер мекемеге тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермей, алдын алдыдеп хабарлайды, BAQ.KZ. 

Белгілі болғандай, басқа біреудің мүлкін ұрлаған деген күдікпен қамауға алынған тергеудегі азаматтың ағасы есірткі затты тығып өткізуге тырысты. Алайда, тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында есірткі заттары сусабын бөтелкесінен табылды.

Ер адам алдын ала 200 мл шприцке есірткіге ұқсас жасыл заттарды салып, оларды сусабынның ішіне жасырып өткізбек болды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, химиялық сот сараптамасына жіберілді.

Ер адам тергеу изоляторындағы ағасына есірткі өткізбек болған

Тыйым салынған заттарды беру фактісі бейнетіркеуішке тіркелді. ҚАЖ мекемелеріне есірткі заттарын өткізу оларды сату ретінде сараланады, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланатын қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің бірі болып табылады, - деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.

Өзгелердің жаңалығы