Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ер адам полицияға хабарласқаны үшін сотталды

Бөлісу:
 Нұрасыл ЕРЖАНОВ  - архив
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ - архив

Шығыс Қазақстан облысында ер адам «102» жедел байланыс желісіне бірнеше рет қоңырау шалып, полиция қызметкерін балағаттағаны үшін сотталды. Сот оны 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ер адам «102» жедел байланыс желісіне бірнеше рет қоңырау шалып, телефон арқылы Риддер қаласы полиция бөлімінің жедел кезекшісінің көмекшісін балағаттаған.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Оның кінәсі телефон сөйлесулерінің аудиожазбалары, куәгерлердің айғақтары және сот сараптамалары арқылы дәлелденді.

Сот оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады. Сотталушыға қоғамдық жұмыстарды өтеуден жалтарған жағдайда, олар әрбір өтелмеген төрт сағат үшін бір тәулік қамауға алумен алмастырылатыны түсіндірілді, - деп хабарлады Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да WhatsApp-та хабарлама жіберген зейнеткерге жарты млн теңге айыппұл салынды. 

Өзгелердің жаңалығы