Жамбыл облысының Қордай аудандық сотында ер адамның бұрынғы сүйіктісінен негізсіз баю ретінде ақша өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот мәліметінше, ер адам бойжеткенмен 4-5 айдай жақын қарым-қатынаста болып, онымен отбасын құруды жоспарлаған. Сол аралықта ол әйелге және оның екі баласына қаржылай қолдау ретінде ақша аударып тұрған.
Арақатынастары үзілгеннен кейін ер адам барлық қаражатты қайтаруды талап еткен. Бірақ бойжеткен бас тартып, оны бұғаттап тастаған. Осыдан кейін ер адам сотқа жүгініп, жауапкерден 2 миллион 500 мың теңге мен мемлекеттік бажды өндіріп алуды сұраған.
Бойжеткен талап арызбен келіспей, ер адамның материалдық көмекті өз еркімен көрсеткенін, ақшаны дәрі-дәрмекке, киім-кешекке және басқа да қажеттіліктерге аударғанын түсіндірді.
Сот ақшаны талап қоюшының өз еркімен аударғанын және өтеусіз материалдық көмек сипатында болғанын анықтады. Қайтарымдылық не тараптар арасында шарттық міндеттемелердің болуы шарттарында ақша берудің дәлелі берілген жоқ. Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
Шешім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында зейнетақы жинағынан ақша шешпек болған әйел 5 миллион теңгесінен айырылғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ер адам бұрынғы қызын дронмен аңдып, жүйкесін жұқартқан
Петропавлда әйел көңілдесін теледидар пультімен ұрып өлтірді
Қызбен кездесуге барған жігіт бопсалаушылардың құрбаны болды