ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы Қазақстанда Украинадағы соғыс туралы сөз қозғады

11 Тамыз 2023, 12:55
1069
Бөлісу:
ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы Қазақстанда Украинадағы соғыс туралы сөз қозғады

Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік Македонияның халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, сондай-ақ шекара қауіпсіздігі сияқты мәселелерге ерекше назар аударып отырғанын қоштаймыз, - деді Сыртқы істер министрі.

Мұрат Нұртілеу бұған дейін маусымда Астанаға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмид және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының төрайымы келгенін атап өтті.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы төрағасы Буяр Османи ЕҚЫҰ қазіргі таңда қиын жағдайды басынан өткеріп жатқанын айтады. Оның айтуынша, соғысты тоқтауы керек.

Ресей Украинаға соғыс ашты. Бұл жаппай ұжымдық байланысқа кесірін тигізді. Соғыс біткеннен кейін біз жақын ынтымақтастық орната аламыз. Орталық Азия мен Қазақстан қауіпсіздік тұрғысынан өте үлкен сын-тегеуріндермен бетпе-бет келді. Ауғанстандағы жағдай әлі де бүкіл Орталық Азия аймағына ықпалын тигізеді, - дейді Буяр Османи.

Өзгелердің жаңалығы