ЕҚЫҰ Бас хатшысы: Мәмілеге келу үшін бір-біріміздің пікірімізге құлақ асу өте маңызды

7 Маусым 2023, 12:46
876
Бөлісу:
ЕҚЫҰ Бас хатшысы: Мәмілеге келу үшін бір-біріміздің пікірімізге құлақ асу өте маңызды
Фото: Ақорда

Хельга Шмид Астана халықаралық форумына қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дұрыс айтасыз. Қазір күрделі кезең деп ойлаймын. Қиындықтарға қарамастан, ЕҚЫҰ бірегей диалог алаңы ретінде қызметін жалғастыра береді. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы белсенді рөлін оң бағалаймын. Сіз Астана саммиті туралы айтып өттіңіз. Мен ол жиынға қатыстым. Дұрыс айтасыз, бұл соңғы саммит болды. Астана декларациясы, шын мәнінде, ұйымның қызметін реттейтін маңызды құжаттардың бірі. Мен Астана форумында сөйлейтін сөзіңізді асыға күтемін. Қазір мәмілеге келу үшін бір-біріміздің пікірімізге құлақ асу өте маңызды деп ойлаймын. ЕҚЫҰ-ның негізі міндеті де – осы, – деді ЕҚЫҰ Бас хатшысы.

Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оның даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы