Еуропалық жария құқық ұйымы (EPLO) Қазақстандағы референдум қорытындысын жоғары бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еуропалық жария құқық ұйымы (EPLO) 2026 жылғы 15 наурызда өткен ұлттық референдумның сәтті өтуіне және жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысының атына ресми құттықтау жолдады.
Ұйым бұл оқиға Қазақстан халқының еркіндігін білдіретінін және елдің институционалдық әрі құқықтық жүйесін одан әрі дамыту мен нығайтудағы маңызды кезең екенін атап өтті.
2026 жылғы 1 шілдеде жаңа Конституцияның күшіне енуі - демократиялық басқаруды, заң үстемдігін және мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі елеулі жетістік, - делінген үндеуде.
EPLO сонымен қатар Қазақстанмен көпжылдық әрі сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ұйым өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және әріптестікті, соның ішінде жария құқық, институционалдық даму және құқықтық реформа салаларында кеңейтуге дайын екенін білдірді.