Ақмола облысында 17 жылға сотталған ер адам Абайдың портретін салды

12 Тамыз 2021, 20:46
4154
Бөлісу:
Ақмола облысында 17 жылға сотталған ер адам Абайдың портретін салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 жылға сотталған ер адам Абайдың портретін салып, Атбасар аудандық кітапханасына сыйға тартты деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақмола облысының қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінің сотталғаны ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 176 жылдығына арнап оның портретін салуға шешім қабылдаған. 

Ақмола облысында 17 жылға сотталған ер адам Абайдың портретін салды

Мектепте Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқығанымыз есімде. Мен біздің мұрамызды мақтан тұтамын, көптеген елде Абайды оқығанын, ұлы ақынның шығармалары арқылы біздің еліміздің шығармашылығымен танысқанын мақтан тұтамын. Бүгінгі ұрпағымыз өз мәдениетін ұмытпауы, оны бағалап, дәріптеуі - парыз, – деді ол. 
Бауыржан ауыр қылмысы үшін жазасын өтейді. Достарымен бірге түнгі мерекеден кейін көңілді жалғастыру үшін ақша іздеп, адам өлтірген. Үлкен отбасында жетінші бала болғандықтан, ол ешқашан сурет салуға ерекше қызығушылық танытпаған. Тек осы жерде, тікенек сымның ар жағында сурет салуға әуестене бастаған. 



Өзгелердің жаңалығы