Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЕО Қырымға қатысты санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

17 Маусым 2025, 08:10
453
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Еуропалық Одақ (ЕО) Қырымға қатысты санкцияларды 2026 жылдың 23 маусымына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған санкциялар алғаш рет 2014 жылы Ресей Қырымда референдум өткізіп, түбекті аннексиялағаннан кейін енгізілген. Олар Қырым мен Севастопольде өндірілген тауарларды ЕО аумағына импорттауға, сондай-ақ бұл аймақтармен байланысты кез келген инфрақұрылымдық, қаржылық инвестицияларға және туристік қызмет көрсетуге тыйым салады.

Сонымен қатар, Еуропалық Одақ Қырым компанияларына белгілі бір тауарлар мен технологиялардың экспортын шектейді. Бұл шектеулер көлік, телекоммуникация және энергетика салаларын, сондай-ақ мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы