Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЕО мен Оңтүстік Америка елдері әлемдегі ең ірі сауда аймақтарының бірін құрды

Бүгiн, 22:10
124
Бөлісу:

Еуроодақ пен Меркосур блогына кіретін Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина, Уругвай және Парагвай – ЕО тарихындағы ең ірі сауда келісіміне қол қойды. Бұл туралы BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Еуроодақ пен Меркосур (Mercosur) арасындағы мегакелісім Парагвай астанасы Асунсьонда сенбі, 17 қаңтар күні жасалды. Бұл – Еуроодақ тарихындағы ең ауқымды сауда келісімі.

Құжатқа қол қою рәсіміне Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қатысты.

Біз баж салығының орнына әділ сауданы таңдаймыз, оқшауланудың орнына өнімді әрі ұзақ мерзімді серіктестікті таңдаймыз, – деді Урсула фон дер Ляйен.

Салтанатты шараға Парагвай, Аргентина, Уругвай, Боливия және Панама президенттері, сондай-ақ Бразилияның сыртқы істер министрі қатысты.

Жаңа келісім Еуроодаққа мүше 27 елдің нарығын Меркосурға кіретін Бразилия, Аргентина, Парагвай және Уругвай нарықтарымен біріктіріп, әлемдегі ең ірі еркін сауда аймақтарының бірін қалыптастырады.

Бұл келісім бойынша келіссөздер 2000 жылы, жаһандану қарқынды дамыған кезеңде басталған. Сол уақытта Еуропа үшін жаңа серіктестер табу әлдеқайда оңай болған. Келісімнің барлық шарттарын келісуге шамамен 25 жыл уақыт кеткен, – деп жазады басылым.

Бұған дейін Брюссельде фермерлер осы келісімге қарсы наразылық акцияларын өткізген. Олар арзан импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерімен бәсекелестіктің күшеюінен, сондай-ақ Еуроодақ субсидияларының қысқаруынан қауіптенеді.

Өзгелердің жаңалығы