Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЕО балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қарсы

7 Маусым 2025, 01:48
606
Бөлісу:
 Иллюстративті фото (pixabay)
Фото: Иллюстративті фото (pixabay)

Франция, Греция, Дания, Словения және Кипр Еуропалық Одақ аумағында 15 жасқа толмаған адамдарға TikTok, Instagram, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды жақтап шықты.Бұл үндеу Люксембургте өткен Еуроодақ цифрлық министрлерінің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW арнасына сілтеме жасап.

Теориялық тұрғыдан, Еуропалық Одақта TikTok, Instagram, Snapchat және X (бұрынғы Twitter) тек 13 жастан бастап, ал YouTube пен Tumblr - 16 жастан бастап пайдалануға болады. Дегенмен, бұл шектеуді тіркеу кезінде басқа туған күнді көрсету арқылы оңай айналып өтуге болады. Францияның цифрландыру және телекоммуникациялар министрі Клара Чаппаздың айтуынша, балалар әлеуметтік желілерді орта есеппен 7-8 жаста пайдалана бастайды.

Франция платформаларды кәмелетке толмаған пайдаланушылар үшін ата-анасының келісімін алуға міндеттегісі келеді. Париж бұл туралы 2023 жылы заң қабылдады, бірақ әлі ЕО-дан қажетті келісімді алған жоқ.

Франция мен оның Еуроодақтағы одақтастары балалардың интернетте өшпенділік пен қорлаудан бастап порнографияға дейінгі қауіп-қатерлеріне назар аударады. Сонымен қатар, гаджеттерді ұзақ уақыт пайдалану үрей мен депрессияның дамуына алып келеді, сонымен қатар балалардың сыни ойлау қабілетін төмендетеді дейді олар.

Еуропалық комиссия пайдаланушылардың жеке деректерін қауіпсіз басқаруға арналған қосымша әзірлеуді ұсынады. Ол пайдаланушының ең төменгі жасқа жеткені туралы ақпаратты онлайн платформаларға жібереді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы