Энергия ресурстарына сұраныс өсіп келеді

2 Қараша 2021, 18:01
1303
Бөлісу:
Энергия ресурстарына сұраныс өсіп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі әлемдік экономиканы қалпына келтірудегі оң үрдістерді, энергия ресурстарына сұраныстың өсіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қол жеткізудің арқасында мұнай қорларын орташа бес жылдық деңгейге дейін төмендетуге, мұнай нарығын тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Қазақстан бұрын қабылданған шешімдерге сәйкес мұнай өндіруді кезең-кезеңімен ұлғайтуды жалғастыруға қатысты Келісімге қатысушы елдердің ұстанымын қолдайды. Бұл тәсіл мұнай нарығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен тұрақтылығын жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, мұнай өндіруді ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайту туралы шешім ОПЕК+ министрлік кездесуінде 2021 жылғы 18 шілдеде қабылданған болатын.

ОПЕК + кезекті отырысы биылғы 4 қарашаға жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы