Девондық Николас Мадфорд 20 жыл бойы аптасына 21 банка энергетикалық сусын ішіп келген. Ақыр соңында тісі мүжіліп, жарамсыз болған соң ғана дәрігер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алайда тіс дәрігерлерінен қорыққан ол тағы ондаған жылдар бойы дәрігерлерден қашып келген.
Daily Star басылымының хабарлауынша, тісін жөндетуге деген бетбұрыс ең алғаш алдыңғы тісінен айырылған кезде болды.
Ол табысты жұмыс атқарып жүрген. Дегенмен, өзінің сол кездегі халіне сипаттама беріп кеткен ол үйсіз адам сияқты болғанын айтады.
Жұмысым жақсы болса да, үйсіз адам сияқты көріндім, – деп мойындайды.
Ол тек ақпан айында ғана тісіне түбегейлі өзгеріс енгізуге шешім қабылдады – Түркияда қаптамалардың толық жиынтығын орнатты. Трансформациядан кейін ер адам екі жыл сайын Түркияға ұшып, қызыл иегін тексертуді жоспарлап отыр, бірақ, ең бастысы, ол ақыры өзіне деген сенімділікті қалпына келтірді.
Айта кетейік, 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусындарды сатып алуға тыйым салынады.