Энергетика вице-министрі жұмыстан босатылды

11 Желтоқсан 2023, 10:26
516
Бөлісу:
Энергетика вице-министрі жұмыстан босатылды
Фото: gov.kz

Министрлік әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында болады. Содан кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп мәлімдеді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қыс басталғалы Қазақстанның бірнеше өңірінде коммуналдық апат жиілеп кетті.

Өзгелердің жаңалығы