Энергетика вице-министрі тағайындалды

3 Қазан 2023, 18:10
530
Бөлісу:
Энергетика вице-министрі тағайындалды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бақытжан Ілияс Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп жазады BAQ.KZ.

Үкімет қаулысымен Бақытжан Нәссенұлы Ілияс Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Бақытжан Ілияс 1982 Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық заң университетін. РФ Президентінің жанындағы ауылшаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы электр құралдарын шығарушы компанияда есепші болып бастады.

Ол ұзақ жылдар бойы электр энергиясын өндіру мен бөлуге мамандандырылған коммерциялық құрылымдарда және тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істеді. Әртүрлі жылдарда ішкі аудит басшысы, директор орынбасары, басқарушы директоры, бірінші басшының көмекшісі қызметін атқарған.

2019 жылы «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019-2022 жылдары — «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-ның басқарма төрағасы.

2022-2023 жылдары — «Қазақстан цифрлық энергетика қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы