Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға берді

14 Тамыз 2019, 17:42
1898
Бөлісу:
Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

"Қазақстан президентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы, мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы баяндалды", - деп хабарлады Ақордада.

Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыра беру жөнінде тапсырма берді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады.


Өзгелердің жаңалығы