"Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы" бағдарламасы ашылды

21 Қазан 2022, 18:50
1547
Бөлісу:
"Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы" бағдарламасы ашылды

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы» EMBA бағдарламасы ашылды, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Оның басты миссиясы – Қазақстандағы энергетика саласының маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шеше алатын табысты әйелдердің кәсіби қоғамдастығын қалыптастыру.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында университет энергетика саласын дамытудың өзгермелі шындықтары мен тенденцияларын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының сапасына ерекше көңіл бөлуде. Осы бағыттардың бірі – әйелдер әлеуетін дамыту және көшбасшы әйелдерді даярлаудың арнайы бағдарламаларын жасау. 
Шарада Thembekile Mandela Foundation қорын басқаратын Ндилека Мандела қонақ болды. Бұл қор БҰҰ-ның 2030 күн тәртібінің тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға, жастар мен әйелдердің дамуына мүмкіндіктер туғызуға, сондай-ақ Африкадағы және бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

"Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы" бағдарламасы ашылды

Сондай-ақ жиынға облыстың түкпір-түкпірінен 100-ден астам қатысушы жиналып, тың ақпарат алды.

Ақмарал Жалғасбаева, мұнайлы өңірде аса қажет дүниені қолға алды. Енді жастар бұл бағытта сапалы білім алады деп толық сеніммен айта аламын. Іс-шараға шақырту алғаныма қуаныштымын. Себебі ол  өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қазақтың қыздары заманнан қалмау керек.Жан-жақты болу керек.Мемлекет басшысының өзі қолдау білдіріп отырғанда, алдағы уақытта мұндай пайдалы факультеттерді көптеп ашу қажет,-дейді қатысушылардың бірі Диляра Қайырлиева.

Executive MBA «Әйелдер энергетикалық көшбасшылық бағдарламасы» бизнес пен өмірде қалаған табысқа жету үшін тиімді стратегияларды әзірлеуге қабілетті кәсіби және табысты әйел менеджер мен іскер серіктестерді даярлауға бағытталған.

Айта кетейік, ынталылар бұл бағдарлама аясында 1 жыл білім ала алады.

Өзгелердің жаңалығы