Жаңа жылдан бастап энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы 20%-дан астам көтеріледі

20 Желтоқсан 2019, 17:28
5895
Бөлісу:
Жаңа жылдан бастап энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы 20%-дан астам көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Астана - өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесі - энергетика күнімен және компанияның 40 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап елордалық энергетиктердің еңбекақысы 20%-дан астамға көтеріледі. 

Сіз үйлер мен қаланың барлық нысандарын жылумен қамтамасыз етесіз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні, әсіресе қыз уақытында адал еңбек атқарып келесіз. Қысқы кезеңде жұмыс жүктемесі екі есе артады. Жұмысыңызды жоғары бағалаймыз. Адал әрі қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Мерейлі мерекеңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына  сәйкес жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді. Қазір жас мамандар үйге қоныстанып жатыр. Сондай-ақ, басқа да бірқатар тұрғын үй бағдарламалары бар, келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін үш есе ұлғайтамыз, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Сондай-ақ, Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың басынан бастап елорданың коммуналдық қызметшілерінің жалақысы артады.

Өзгелердің жаңалығы