Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады

14 Сәуір 2024, 19:29
331
Бөлісу:
Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Қайталама дереккөздерге сәйкес, Қазақстан наурыз айында өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты.

Алайда, Қазақстан 1-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады.

Сондай-ақ, бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады.

Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты.

Өзгелердің жаңалығы