Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігі және Еуропалық Парламент делегациясы энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі басшылығының Еуропалық Парламент делегациясымен кездесуі өтті.
Қазақстандық делегацияны Энергетика вице-министрі Әсет Маратұлы Мағауов, еуропалық делегацияны Орталық Азия және Моңғолиямен өзара іс-қимыл жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының Бірінші вице-төрағасы Андрис Америкс басқарды.
Сонымен қатар кездесуге Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Кестутис Янкаускас, Еуропалық Парламент Хатшылығы Азия басқармасының басшысы Николо Ринальди.
Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан Еуропалық Одақтың стратегиялық инвесторларымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ұстанады және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің үш онжылдығы ішінде энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды.
Кездесу барысында тараптар халықаралық энергетикалық нарықтардағы өзгерістерді, инвестициялық ахуалды жетілдіру, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылым мен тұрақты энергия мәселелерін талқылады.
Ресми тұлғалар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және әртараптандыру перспективалары туралы пікір алмасты.
Сонымен бірге Тараптар жаңартылатын энергия көздерін, сутегін және озық энергетикалық технологияларды дамыту саласында озық тәжірибе алмасу бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады.