Энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды

17 Сәуір 2023, 15:58
797
Бөлісу:
Энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Шыңғыс Ильясов Энергетика министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шыңғыс Ильясов «ҚазТрансОйл» АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры болған.

Шыңғыс Ильясов еңбек жолын Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің Жастар орталығының кеңесшісі болып бастады. 

Әр жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді. 

Шығыс Еуропа университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің менеджмент факультетін бітірген.

Өзгелердің жаңалығы